Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, кішкентай бала таңғажайып жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, бала балалар орындығының арқасында аман қалған.
Оқиға 8 қарашада түнгі уақытта Қалқаман ауылының маңындағы Қызылорда-Павлодар тасжолында болған.
"Nissan көлігінің жүргізушісі сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, көмір тиелген КамАЗ-бен (тіркеме) соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.