Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Қазақпарат агенттігіне актрисаның денсаулығы жақсарып келетінін, жағдайы қанағаттанарлық екенін сондықтан ол амбулаторлық емделуге жіберілгенін хабарлаған.
Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсан күні таңғы уақытта, Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды.
Жол-көлік оқиғасы үш адамның өмірін жалмады. Олардың арасында отандық танымал актриса Шолпан Елгезек қаза тапты.
Ал сол көлікте болған тағы бір актриса Айзада Сатыбалдиева жансақтау бөліміне түскен еді.
Ал күні кеше Алматы қаласының полиция департаменті жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарының аяқталып, сотқа жіберілгенін хабарлады.