Жанболат пен Жазираның ұлы ерекше дауысымен таңғалдырды
19 қараша, 2018
Жанболат пен Жазираның ұлы ерекше дауысымен таңғалдырды
Жазира Байырбекова желідегі парақшасына ән салып отырға, ұлының видеосын жүктеген. Әншінің жалғыз ұлы Қазбектің дауысын естіген тыңдамандар оның ерекше дауыстың иесі екенін айтып жатыр.
Әншінің өзі «Бойына ақылды да,сабырды да,мейірімді де,мәдениетті де,дауысты да берген Аллама сансыз шүкір! Мынадай дауысы бола тұра "МЕН ӘНШІМІН" демей жәй ғана шырқап қойып жүргенін айтсаңызшы. Сіздерге де осындай жақсылығы 10 баланың жақсылығына татитын адал перзент тілеймін! Елге аман есен орал Қазекем!»-деп жазған.