Германия Қазақстанға экс-прокурор Дүйсеновті экстрадициялаудан бас тартты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңаөзенде тағы бір компанияның мұнайшылары наразылық акциясына шықты

Жаңаөзенде тағы бір компанияның мұнайшылары наразылық акциясына шықты

Жаңаөзендегі «МунайСпецСнаб Компани» ЖШС жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды «Лада».

Көтерілісшілермен компания жетекшілігі кездесті. Мұнайшылар жалақыны көтеруден бөлек жұмыс регламентін реттеуді сұрады.

Куәгерлердің айтуынша, 1 ақпан күні акцияға бірнеше ондаған адам шыққан. Жиналғандармен компанияның бас директоры Ерлан Сабиев кездескен.

Маңғыстау полиция департаментінің мәліметінше, Жаңаөзен полициясы сол жерде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жүр.

Еске салсақ, Ақтөбе облысы Теміртау ауданында жалақысын көтеру туралы талабы орындалған мұнайшылар қайта жұмысқа кіріскен-ді.

Автор
Данияр