Шоу-бизнес

Жаңа жыл қарсаңында. Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарналарда өнер көрсетті

KZNEWS KZNEWS
Жаңа жыл қарсаңында. Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарналарда өнер көрсетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы жаңа жыл мерекесінде ән айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі dimashnews.com-ға сілтеп.

2024 жылдың 8 ақпанында жерлесіміз Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңына арналған жобаларда бірнеше әнді орындап, Қытай телеарналарында өнер көрсетті.

CCTV-3 арнасының мерекелік бағдарламасында Димаш 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертіне арналған қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты шығармаларымен көпшілікті тәнті етті.

Ал 2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаш Құдайберген әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream», яғни,«Мыңдаған шақырымға бір арман» атты әнді шырқады.


Әнші Тайваньдық өнерпаз Ричи Ренмен бірге «Flowers Bloom in Spring» композициясын да керемет  орындап шықты.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылдық кеште Димаш Құдайберген ҚР Әнұранын Ақордада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындап шықты.

фото: dimashnews.com


Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz