Шоу-бизнес

Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады

KZNEWS KZNEWS
Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады - министрлік кесте жариялады

Бұйрыққа сәйкес, оқу жылы 1 қыркүйектен бастап 34 аптаға созылады ( 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады)


Sputnik. Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалатынын айтты.

2020 жылдың 13 тамызындағы бұйрыққа сәйкес, мынадай мерзімдер анықталған:


  • 2020-2021 оқу жылының басталуы - 1 қыркүйек 2020 жыл;

  • 1-сынып оқушылары 33 апта оқитын болады, 2-11 (12) сыныптар - 34 апта.


Оқу жылының демалыс кестесі:

1-11 (12) сыныптар: күзгі каникул – 10 күн (5-14 қараша (қоса есептегенде) 2020 жыл ), қысқы – 11 күн (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күн (20-31 наурыз 2021 жыл);

1-сыныптарда: қосымша демалыс – 7 күн (8-14 ақпан 2021 жыл).

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқуға қарамастан, оқушылардың демалысы өзгеріссіз қалатынын айтқан еді.

"Қашықтан оқуға қарамастан, балалар қатты шаршайды. Сондықтан каникул кестесі өзгертілмейді", - деді министр.

1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқитын болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін мектепте кезекші класс қарастырылған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz