Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жаңа ережелер: Алматы әуежайына енді қалай кіруге болады? - Қазақстан жаңалықтары

Жаңа ережелер: Алматы әуежайына енді қалай кіруге болады? - Қазақстан жаңалықтары

Алматы-Нұр-Сұлтан рейстерінің қайта жандануына байланысты Алматы халықаралық әуежайына кірудің жаңа тәртібі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әуежайына кірудің жаңа ережелері мынадай:

- терминалға тек бірінші қабат арқылы кіре аласыз, автомобильдерге арналған пандус жабық; 

- терминалға COVID-19 тестінен өткен кері нәтижелі анықтамасы бар жолаушылар ғана кіре алады (берілген күннен бастап 7 күнтізбелік күнге жарамды);

- шығарып салушыларға терминалдың ішіне кіруге тыйым салынады;

- анықтаманы тексеру және дене қызуын өлшеу терминалдың кіре берісінде жүзеге асырылады;

- терминалда жолаушылар маскада және қолғапта болулары тиіс;

- қолды дезинфекциялау үшін терминал аумағында  санитайзерлер қойылған;

- тіркеу және тексеру орындарында 1,5м кем емес арақашықтықты арнайы белгілер бойынша сақтау керек;

- ересектерге ілесусіз ұшатын балалардың ата-аналарында да КОВИД тестінен өткендігі туралы анықтама болуы тиіс, ол болмаған жағдайда кіре берісте авиакомпания өкілі баланы күтіп алып, тіркеуден өткізеді;

- тестілеу туралы анықтама мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды шығарып салушы тұлғаларда да болуы тиіс, ол болмаған жағдайда терминалдың кіре берісіндегі арнайы батырма арқылы санитарды шақыра аласыз.

Сондай-ақ әуежай басшылығы санитарлық талаптардың күшейтілуіне байланысты жолаушыларды мүмкіндігінше рейске онлайн тіркелуді, әуежайға уақытынан бұрын келуін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.


stan.kz
Автор
Данияр