Әліби Кеңестің анасы ұлынан хабар алмағалы бері төсектен тұра алар емес. Ол үш қарындасының ағасы, тұла бойы тұңғышынан хабар болмаған соң, төсек тартып қалды. Бүгінде оның қан қысымы жиі көтерілуде. Әліби үйдің үлкені. Үш қарындасы бар."Әліби әскерден жаңа ғана келген. Он екіде бір гүлі ашылған жоқ. Ешкімнің басына бермесін, біреудің жалғыз баласы. Өрімдей баланы отқа апарды да салып жіберді. Арыстан кейін екі жыл өткен соң тағы болып отыр. Не күтеміз біз?", - дейді Әлібидің немере әпкелері Сейсекүл мен Райхан Әзімбаевалар.
Бүгінде Тараздағы мәйітхана тағы екі адамның денесі табылғанын хабарлады. Бірақ олар марқұмдардың кім екенін айтар емес. Ал Әлібидің әкесі, туыстары мен сыныптастары жарылыс болған аймақты қанша іздесе де, 22 жастағы жігітті таба алар емес."Мен Әліби көкемді түсімде көрдім. Ол үшеумізді құшақтап, "жаным сол" деп айтты. Бірақ ұйықтап жатыр екем, түсім екен. Мен Әліби көкемді сағындым, ол өлмесе екен", - деп жылады Әлібидің кішкентай қарындасы.
View this post on Instagram