KZNews.kz
Қоғам

Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды

Ayzhan Sylanova
Фото: gov.kz

Ол пара алды деп айыпталды.

Кәрім Көкірекбаев пен Әділет Ахатаев лауазымды тұлғалар бола отырып, ТОО директоры Андрей Поплавскиймен сөз байласып, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін одан аса ірі мөлшерде пара алған. 

Осы әрекеттердің салдарынан мемлекеттік мекемеге 1 987 827 622,63 теңге көлемінде залал келтірілген. Алқабилердің үкімімен Кәрім Көкірекбаев мен Әділет Ахатаев Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша, ал Андрей Поплавский – 195-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы және 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары