KZNews.kz
Қоғам

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғалардан кейін өңірге республикалық мониторингтік топ жіберіледі

Ayzhan Sylanova

Министрліктің мәліметінше, жиынға жергілікті атқарушы органдар, полиция, білім басқармасы, балалар құқығын қорғау комитеті мен психологиялық қолдау орталығының өкілдері қатысты. Онда облыста балалардың қауіпсіздігіне байланысты проблемалар талқыланды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өңірде алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілмейтінін, психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеткіліксіз екенін атап өтті.

Осыған байланысты 29 қыркүйектен бастап облысқа мониторингтік топ жолданып, нақты іс-шаралары бар Жол картасы әзірленбек. Сонымен қатар жергілікті мектептерге әдістемелік көмек көрсетіледі.

«Басты міндетіміз – мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу және әр балаға қолдау көрсету. Балалардың қауіпсіздігі үшін мемлекет, мектеп пен ата-аналар бірге әрекет етуі қажет», – деді министр Ғани Бейсембаев.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасын ашу, педагог-психологтардың санын арттыру, қамқоршылық органдары мен психологиялық қолдау орталығының жұмысын күшейту тапсырылды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары