«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында болған жол апатынан қыз бала көлікте жанып кетті

Жамбыл облысында болған жол апатынан қыз бала көлікте жанып кетті
Жамбыл облысында болған жол апатында 21 жастағы қыз көлік ішінде жанып кетті, екі адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 9 қыркүйек күні сағат 01.30 шамасында Шу қаласында болған.

"Mercedes Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Сейфуллин көшесімен үлкен жылдамдықпен келе жатып, 29 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Volkswagen Golf көлігінің артқы жағына соғылған. Қатты соққыдан Volkswagen Golf өртене бастаған, кейін инерциямен ВАЗ-21150 көлігінің алдыңғы жағын соққан.

Салдарынан Volkswagen Golf автокөлігінде болған 21 жастағы жолаушы қыз өртте қаза болды.

“Осы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Шу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптама тағайындалды. Mercedes Benz автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Автор
Данияр