Украинаның инфрақұрылым министрі Владислав Криклий мен елшісі Петр Врублевский Қазақстанға коронавирусқа шалдықпағаны туралы жалған анықтамамен келген.
Бұл туралы «Комсомольская правда Казахстан» жазды.
Украиналық шенеуніктер Киевтен Нұр-Сұлтан қаласына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Маминмен және басқа да министрлермен кездесуге келген.
Жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу үшін регламент бойынша шетелдік қонақтардан міндетті түрде коронавирус індетіне шалдықпағаны туралы ПТР-анықтама талап етіледі.
«Криклий и Врублевскийдің мұндай анықтамасы болған. Алайда Қазақстан премьер-министрінің протоколы екі министрдің де (елші министр дәрежесіне ие) анықтама қағазы жалған екенін анықтаған. Бұдан кейін кездесу өткізілмейтін болды» деп жазады басылым.