Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев үйленді

Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев үйленді
Фото: ашық дереккөз

Актер сүйінші хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқырмандарына қуанышын жеткізді.

Актриса Дариға Бадықованың экс-жұбайы, актер Дархан Мұсаев жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын жариялады. Өнер иесі қайтадан шаңырақ көтеріп, заңды некеге тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол жаңа өмір бастауға шешім қабылдағанын айтып, көпшіліктен құттықтау күтетінін жасырмады.

«Бүгін сіздермен екінші жаңалығыммен бөліссем деп отырмын. Әрине, жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Бүгін мен, бүгін біз некеге отырдық. Ал, сүйінші, құттықтап қойсаңыздар болады», – деді Дархан Мұсаев.

Актердің жазбасынан кейін желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Оқырмандар жаңа отбасына бақыт, береке мен баянды ғұмыр тілеп, қуанышты жаңалығына ортақтасты.

Әзірге актер жарының кім екені туралы толық ақпарат жариялаған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.