KZNEWS.KZ
Саясат

“Жағдайды түзетпесеңіз..!”: Бектенов ҚазАвтоЖол басшысын жерден алып жерге салды

Айжан Сыланова

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың республикалық жолдардың жағдайы туралы баяндамасына сын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

«Жолдардың сапасы жоқ. Жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе бұл жұмыспен басқа адамдар айналысады», – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Дархан Иманашев жыл соңына дейін республикалық маңызы бар 2 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеген болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →