KZNews.kz
Қоғам

Жезқазған тұрғынының үйінен 300-ден аса киік мүйізі тәркіленді

Торғын Абушахман

Ұлытау облысында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері киік мүйіздерін заңсыз сақтау дерегін анықтады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жезқазған қаласының 53 жастағы тұрғынының үйінен 322 дана киік мүйізі, сондай-ақ аталған жануардың өлекселері табылып, тәркіленді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам 2024 жылдан бері дала аумағынан киік мүйіздерін жинап, оларды сату мақсатында үйінің шатырында сақтағанын мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, заңсыз әрекетке қатысы бар өзге тұлғаларды айқындау үстінде.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →