Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Зерттеуде аты аталған ұйғыр кәсіпкерінің шетелден 20 шақты үй сатып алғаны анықталды

Зерттеуде аты аталған ұйғыр кәсіпкерінің шетелден 20 шақты үй сатып алғаны анықталды

Қырғызстаннан ірі көлемде ақша шығарылғаны туралы журналистік зерттеу жарияланғаннан кейін Орталық Азиядан шыққан логистика магнаты дауға қалды. Азаттықтың Қырғыз қызметі, OCCRP және Kloop сайты бірігіп жасаған зерттеу Хабибула Әбдіқадырдың Еуропа мен АҚШ-тың тұрғын үй нарығына ондаған миллион доллар салғанын анықтады.

Қазақстан азаматтығы бар ұйғыр кәсіпкері және оның отбасы Айеркен Саймаитиден алған ондаған миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған. Саймаити Қырғызстаннан курьерлердің көмегімен ақша алып шыққанын өз еркімен мойындаған. Өткен айда оны Стамбулда атып кетті.

Әбдіқадыр жайлы ақпарат 23 желтоқсанда ірі зерттеудің кезекті бөлігі жарияланғаннан кейін белгілі болды. Зерттеу қаржылық құжаттар мен Саймаитидің 10 қарашада өзін атып кеткенге дейін берген сұхбатына негізделген.

Бұған дейін жарияланған зерттеудің алғашқы бөлігінде Саймаитидің Әбдіқадырдың отбасына астыртын ақша жібергені, сонымен бірге заңсыз кеден схемалары, Қырғызстаннан ірі көлемде ақша шығару жолдары туралы айтылған еді. Зерттеу жарияланғаннан кейін Қырғызстанда жемқорлыққа қарсы наразылық шаралары өтті.

Жер реестрі мен корпоративтік деректерден алынған ақпарат журналистерге "Әбдіқадырға тиесілі" делінген 20 нысанды анықтауға мүмкіндік берген. Соңғы сегіз жылда сатып алынған нысандар Германия, Ұлыбритания, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан.

Хабибула Әбдіқадыр мен оның әріптестері журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.


Azattyq
Автор
Нұрсұлтан