Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Зерендіде 5 және 6-сынып оқушыларын біріктіріп, бірге оқытқан

Зерендіде 5 және 6-сынып оқушыларын біріктіріп, бірге оқытқан

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қонысбай ауылында 5 және 6-сынып оқушыларының бірге оқытылуына ата-аналар қарсылық білдірді. Әлеуметтік желідегі талқылаудан кейін білім бөлімі сыныптарды қайта бөлу туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәселе жергілікті пабликте жарияланған жазбадан кейін көтерілген. Онда ауыл мектебінде екі сыныптың біріктіріліп оқытылып жатқаны айтылған. Кейбір желі қолданушылары мұндай тәжірибе Шортанды мен Жарқайың аудандарындағы шағын мектептерде де кездесетінін жазды. Ал енді бірі оқушы саны аз болған жағдайда сыныптарды біріктіру қалыпты тәжірибе екенін атап өткен.

Облыстық білім басқармасы шағын жинақты мектептерде мұндай тәсіл заңнамаға сәйкес қолданылатынын түсіндірді. Қолданыстағы қағидалар бойынша оқушы саны аз болған жағдайда жас айырмашылығы 1-2 жыл болатын екі немесе үш сыныпты біріктіріп оқытуға рұқсат етіледі.

Мұндай сабақтарда мұғалім оқу жоспарын екі сыныпқа сәйкестендіріп ұйымдастырады: бір топқа жаңа тақырып түсіндірілсе, екіншісі өздік жұмыспен айналысады.

Алайда биыл Қонысбай ауылындағы мектепке қосымша оқушылар қабылдануына байланысты және ата-аналардың пікірлері ескеріліп, бұрын біріктірілген сыныптарды қайта бөлу туралы шешім қабылданған.

Білім басқармасы оқу процесі бекітілген білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарына сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді. Педагогтердің оқу жүктемесін бөлу және білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері аудандық білім бөлімінің бақылауында.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.