KZNEWS.KZ
Қоғам

“Жеңіл жүрістісіңдер!”: Тележүргізуші Динара Сәтжан Бағдагүл емшімен соттаспақ

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Динара Сәтжан әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін Бағдагүл желіде видео жариялап, тележүргізушіге қатысты өткір пікір айтқан болатын.

Осыған байланысты Динара Сәтжан қысқа ғана пікір қалдырып, «Сотта кездесеміз!» деп жазды. Оның бұл жауабы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін бейнежазба арқылы емші ашулы күйде сөйлеп, өзін «ауру» деп атағандарға жауап қайтаратынын мәлімдеген. Ол Динара Сәтжанның сөздеріне ренжігенін айтып, бұл мәселеде соңына дейін баратынын жеткізді.

Сондай-ақ Бағдагүл қазақ қыздарының намысын қорғайтынын айтып, өзін сынаған адамдарға қатаң жауап беретінін мәлімдеді. Видео барысында ол қоғамдағы кейбір әйелдерді де сынап, түрлі эмоциялық пікір білдірген

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →