Жаңалықтар

"Жеңгемнен қаралы хабар келді": Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімов туралы тебірене толғанды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"Жеңгемнен қаралы хабар келді": Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімов туралы тебірене толғанды (ВИДЕО)
ozgeris.info коллажы

Танымал актер Азамат Сатыбалды қазақ өнерінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуін терең күйзеліспен қабылдады. Ол марқұмның қазасын естіген сәттегі жан күйзелісін бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Актердің айтуынша, Асанәлі Әшімов оны театрға алғаш келген күннен бастап өз баласындай бауырына басқан.

"Театрға келгенде мені өз баласындай бауырына басты. Алғашқылардың бірі болып мен келдім. Қонаққа баруымыз керек болған. Жеңгемнен қаралы хабар келді. Алып бәйтерек құлағандай болды. Мені әрқашан жанына бірге алып жүретін. Тауым шағылып, өте жаман күй кешіп тұрмын. Ішім алай-дүлей. Өнердегі әкемнен айырылдым. Біз бала болыппыз. Енді қазақ өнері не болмақ? Қайда барамыз, кімге қарап бой түзейміз? Өте ауыр", – деді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz