2025 жылдың желтоқсанында қазақстандықтарға Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды kznews.kz.
Желтоқсан айында бескүндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар 9 күн демалса, алтыкүндік жұмыс режиміндегі азаматтар 4 күн демалады.
Айдың басты мерекесі — Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда атап өтіледі.
2025 жылы бұл күн сейсенбіге түсетіндіктен, қазақстандықтар аптаның ортасында қосымша бір күн демалады. Бұл күн бескүндікпен де, алтыкүндікпен де жұмыс істейтіндер үшін ресми түрде жұмыссыз күн болады.
2025 жылы 31 желтоқсан — жұмыс күні. Сондықтан мерекеге дайындықты ертерек қолға алған дұрыс.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ету туралы мәселе бірнеше рет көтерілген. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл күн мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейтінін және оны демалыс ету әзірге орынсыз екенін мәлімдеді.