"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Желіде әнші Еркеш Хасеннің жеке өміріне қатысты даулы ақпарат тарады

Желіде әнші Еркеш Хасеннің жеке өміріне қатысты даулы ақпарат тарады
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал «Айгөлек» бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, әнші Еркеш Хасенге қатысты әлеуметтік желіде даулы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Threads желісінде өзін әншінің бұрынғы жары Әйгерімнің жақын құрбысы ретінде таныстырған Сандуғаш есімді қолданушы Еркеш Хасеннің отбасына опасыздық жасағанын жазған. Оның айтуынша, әнші ресми некеде бола тұра Жанель есімді қызбен қарым-қатынас орнатып, отбасынан алыстай бастаған. Жазбада сол кезеңде Әйгерімнің ауыр күй кешкені, қызына әкесінің хабарласпай кеткені, ал пәтердің жөндеу жұмыстары Әйгерімнің еңбегімен жасалғаны айтылған.

Автордың сөзінше, Әйгерім отбасын сақтап қалуға тырысқанымен, нәтиже болмаған. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Еркеш Хасеннің Жанель Серғазиннен тағы бір қызы бар деген ақпарат та тарады. Жазбада Әйгерімнің бұл жағдайды сабырмен қабылдап, жария түрде ешқандай сұхбат бермегені де атап өтіледі.

Айта кету керек, аталған мәлімдемелер жазылған жазбаны Сандуғаш есімді қолданушы кейіннен әлеуметтік желіден өшіріп тастаған. Қазіргі таңда бұл ақпаратқа қатысты Еркеш Хасеннің немесе аталған тұлғалардың ресми пікірі жарияланған жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.