Канье Уэстің концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге табыс әкелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Құрылтайға не деп барасың?”: Аша Матайдың Құрылтай сайлауына қатысты үндеуі желіде дау тудырды

“Құрылтайға не деп барасың?”: Аша Матайдың Құрылтай сайлауына қатысты үндеуі желіде дау тудырды

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында Құрылтай сайлауына қатысуға үндейтін бейнеролик жариялады. Алайда оның бұл бастамасы көпшілік тарапынан қолдау таппай, желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жариялаған видеода халықты сайлауға белсенді қатысуға шақырған. Дегенмен бейнежазбаға пікір білдірген оқырмандардың бір бөлігі Аша Матайдың үндеуіне күмәнмен қарап, оған бірқатар сұрақ қойды.

Желі қолданушыларының пікірінше, қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселелер кезінде әншінің үнсіз қалған тұстары болған. Кейбір оқырман оның әйелдер қауіпсіздігі мен қоғамдағы өзекті оқиғаларға қатысты пікір білдірмегенін еске салды.

«Мадина жайлы бір видео салмадыңыз», «Ештеңе істемей, мәселе көтермей не деп барасыз?», «Қай әйелдің мәселесін көтердіңіз?», «Әйел қауіпсіздігі туралы айтып, соңғы жағдайға неге пікір білдірмедіңіз?» деген мазмұндағы пікірлер жазылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.