Шоу-бизнес

“Жақсылықтан үміттіміз”: Светлана Айтпаева Димаштың жеке өміріне қатысты пікір білдірді

“Жақсылықтан үміттіміз”: Светлана Айтпаева Димаштың жеке өміріне қатысты пікір білдірді

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева Jibek Joly арнасындағы «Бүгін.live» бағдарламасына берген сұхбатында ұлы Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтбаеваның айтуынша, ата-ана үшін баласының өз шаңырағын көтеріп, өмірде орнығуы – үлкен арман. Димаштың қазір тығыз гастрольдік кестесі бар, алдағы уақытта бірнеше концерті жоспарланған. Сондықтан отбасын құру жайы «уақыты келгенде» шешілетінін айтты.

«Бәрі Алланың жазуымен болады. Димаштың өз кәсібі, жоспарлары бар. Біз тек оның маңдайына жазылған жақсылықтан үміттіміз», – деді ол.

Сондай-ақ Светлана Айтбаева ұлының болашақ жарына ерекше талап қоймайтынын, бастысы – Димаштың өзі таңдаған жанды құрметтеп, қабылдайтындарын жеткізді.

«Қатаң талап жоқ. Құдайдың бұйыртқаны – біздің келініміз. Жүрегіне жақын болған жанды қуана қарсы аламыз. Әрине, өзіміздің отбасылық тәрбие мен дәстүрге қатысты ақыл-кеңесімізді айтып отырамыз», – деп түйіндеді ол

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz