Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Зеленский мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Украина президенті Владимир Зеленский және АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Саясаткерлердің екеуі де бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


"Мен Дональд Трамппен оны республикалық партияның атынан президент сайлауына қатысатын кандидат атануымен құттықтау үшін және Пенсильваниядағы жан түршігерлік қастандық әрекетті айыптау үшін сөйлестім. Оған күш-жігер, қауіпсіздік тіледім", – деп жазды Владимир Зеленский.

Оның сөзінше, Трамппен әңгімеде ол "Украинаның бостандығы мен тәуелсіздігін АҚШ-тың қос палатасы мен қос партиясының қолдауы маңызды" екенін атап өткен. "Әлемді әділетті әрі берік ететін" қадамдарды екі саясаткер жеке кездесу кезінде талқылауға келіскен.

Трамп Зеленскиймен "өте жақсы" әңгімелескенін айтып, "АҚШ-тың президенті болған жағдайда соғысты тоқтатып, әлемге бейбітшілік әкелуге" уәде берді.

АҚШ-та президент сайлауы 2024 жылы 5 қарашада өтеді.

Автор
Еркебұлан