Fox News тележүргізушісі Карлсон Зеленскийді АҚШ мүдделерін ескермеді деп айыптады.
"Владимир Зеленский АҚШ мүдделерін толық ескермегенін көрсетті", - деді Fox News жүргізушісі Такер Карлсон.
Бұған дейін Зеленский британдық журналист Пирс Морганға берген сұхбатында АҚШ-тағы инфляция ресми Вашингтонның Украинаға қаржылық және материалдық көмек көрсетуінен туындағанын айтты. Бірақ бұл екінші орындағы мәселе болып саналуы керек екенін алға тартты.
"Инфлияция да, коронавирус та түкке тұрмайды", - деді ол.
Американдықтар АҚШ-тың Еуропадағы қақтығыстарға араласып, көп шығындалып жатқанына ашынады. Карлсонның айтуынша, Украина АҚШ-тың дағдарысқа ұшырап жатқанын мүлде елемейді.
"Зеленский АҚШ-тың саясатына араласпауы керек. Ал Байден алдымен халқының жағдайын ойлап, мүдделерін ескеру қажет" - деді.
Ақпарат: lenta.ru