Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 60 күнге толық атысты тоқтатуға келіскен жағдайда елде президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол бұл ұсынысты АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинаға жаңа көшбасшы қажет деген пікіріне жауап ретінде айтты, деп хабарлайды kznews.kz
Зеленскийдің сөзінше, егер АҚШ президенті шынымен өзгерістерге қол жеткізгісі келсе Ресей басшысымен сөйлесуі керек.
"Путинге жеткізіңіздер, бізге екі ай, яғни 60 күн толық атысты тоқтату режимін берсін. 60 күн берсе, біз сайлау өткіземіз", — деді ол журналист Джонатан
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға келісімдер жасай алатын жаңа көшбасшы қажет екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ Ақ үй басшысы АҚШ Киевті Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасамауға шақырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Зеленский керісінше, "әлемге қиындық тудырғысы келеді".
Ал The Wall Street Journal басылымы Трамп пен Зеленский арасындағы қарым-қатынас соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі деңгейге жеткені туралы мақала жариялады.