Балалар арбасымен автобусқа мінуге болмай ма? Министр ережені қайта қарамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әкесі құтқара алмады”: Алапат өрттен бір үйдің үш қызы көз жұмды

“Әкесі құтқара алмады”: Алапат өрттен бір үйдің үш қызы көз жұмды
Фото: sud.ua

Қайғылы оқиға 15 қарашаға қараған түні Уста Абдухалил көшесінде болған. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама құтқару қызметіне таңғы сағат 04:42-де түскен.

Қырғызстанның Ош қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір отбасының кәмелетке толмаған үш қызы көз жұмды. Балаларын аман алып қалуға әрекеттенген әкесі денесінің 60 пайызын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды сағат 05:20-да оқшаулап, 07:57-де толықтай сөндірген. Өрт шамамен 120 шаршы метр аумақты шарпыған.

Үйді тексеру барысында 2013, 2016 және 2018 жылы туған үш қыздың мәйіті табылған. Алдын ала дерекке сүйенсек, ата-анасы бес баласының екеуін сыртқа шығарып үлгерген. Ал қалған үш қызын құтқаруға ұмтылған әкесі ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның денесінің шамамен 60 пайызын күйік шалғанын анықтап, Ош облыстық ауруханасына жатқызған.

Алдын ала болжам бойынша, өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы немесе электр жылытқышының істен шығуы себеп болуы мүмкін. Дегенмен өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.