АҚШ Украина мен Ресей өкілдеріне соғысты аяқтау мәселесіне қатысты жаңа келіссөздер раундын өз аумағында өткізуді ұсынды. Бұл туралы сенбі, 7 ақпанда, журналистермен кездесуде Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Украина президентінің айтуынша, АҚШ келіссөз жүргізуші топтарға алдағы аптада Майами қаласында кездесуді ұсынған. Украина бұл бастамаға қатысуға келісім берген. Ал Ресей тарапы жарияланым шыққан сәтте жағдайға қатысты пікір білдірмеген.
Зеленскийдің айтуынша, АҚШ соғыстың алдағы айларда аяқталғанын қалайды.
"Олар барлық істі маусым айына дейін шешуді көздеп отыр", – деп украиналық БАҚ президенттің сөзін келтіреді.
Сонымен бірге Зеленский Киев Украина тағдырына қатысты қандай да бір келісімді тек Вашингтон мен Мәскеу арасында жасалған жағдайда қабылдамайтынын ерекше атап өтті.
БАӘ-дегі келіссөздерден кейін бірқатар мәселе ашық күйінде қалды
Біріккен Араб Әмірліктері аумағында 4-5 ақпанда Украина, Ресей және АҚШ өкілдерінің қатысуымен жабық форматтағы келіссөздер өткен. Киев бұл кездесуді күрделі, бірақ конструктивті деп бағалады.