Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Украина Иранмен соғысып жатқан жоқ": Зеленский күтпеген мәлімдеме жасады

"Украина Иранмен соғысып жатқан жоқ": Зеленский күтпеген мәлімдеме жасады
Andrew Harnik/Getty Images. Суретте: Владимир Зеленский мен Дональд Трамп

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Иранға қарсы әскери қақтығысқа қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол журналистермен кездесу кезінде айтып, жағдайға қатысты нақты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Зеленскийдің айтуынша, Украина Таяу Шығыс елдеріне ирандық камикадзе-дрондарға қарсы қорғаныс жүйелері бойынша кеңес беру үшін арнайы мамандар тобын жіберген. Оның сөзінше, бұл топтар әскери операцияларға қатысу үшін емес, тек сараптамалық көмек көрсету мақсатында барған.

Украина президенті әр топта ондаған маман бар екенін атап өтті.

"Айтарлықтай тәжірибелі топтар жіберілді. Әрқайсысында ондаған сарапшы бар. Бұл үш-төрт адам барып, жай ғана бірдеңе көрсетіп келетін сапар емес. Жіберілген үш топ та қажетті талдау жасап, жүйенің қалай жұмыс істеуі керек екенін түсіндіре алады", – деп келтіреді Зеленскийдің сөзін "Интерфакс-Украина" агенттігі.

Сонымен бірге Зеленский украиналық мамандар ешқандай әскери әрекетке қатыспайтынын ерекше атап өтті.

"Бұл жерде қандай да бір әскери операцияға қатысу туралы сөз жоқ. Біз Иранмен соғысып жатқан жоқпыз. Әңгіме тек қорғаныс мәселелері мен "шахед" дрондарына қарсы күрес тәсілдерін түсіндіру жөніндегі сараптамалық көмек туралы", – деді Украина басшысы.

Президенттің айтуынша, миссияның негізгі мақсаты – серіктес елдерге дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін тиімді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер