“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Зейнеп Ахметованың Мақпал Жүнісова туралы айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Зейнеп Ахметованың Мақпал Жүнісова туралы айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері және қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттаушы Зейнеп Ахметова әнші Мақпал Жүнісоваға қатысты ренішін ашық айтқан видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды Kznews.kz.

Айтуынша, марқұм Заманбек Нұрқаділов оған жақын туыс болған. Осы тұста ол Мақпал Жүнісованың қиын шақта жанынан табылғанын да тілге тиек етті.

«Мақпал қиын кезеңде жалғыз қалғанда, психологтан кем емес қолдау көрсетті, қаралы күндерінде жанынан табылды», – деді ол.

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары Зейнеп Ахметованың бұл пікіріне бірден келісе қоймады. Көпшілік әншіні қолдап, Мақпал Жүнісованың өнердегі орны мен ел ықыласына бөленген тұлға екенін алға тартты.

Желіде «Мақпал Жүнісова – халықтың сүйікті әншісі», «ол – дара тұлға, елдің ерке қызы», «өнерімен талайдың көңіліне ой салған әнші» деген сарындағы пікірлер жиілеп, дау қыза түсті.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер