"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қимай-қимай қоштасып жатырмын...": Мақпал Жүнісова желіге ерекше видео салды (ВИДЕО)

"Қимай-қимай қоштасып жатырмын...": Мақпал Жүнісова желіге ерекше видео салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Instagram парақшасына ерекше видео жүктеп, оған жүрекжарды жазба қалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақынның жариялаған видеосында ол ауладағы сарғайған жапырақтарды өзі сыпырып жүргені көрінеді.

"Ана жолы үйдің артындағы жапырақтарды жинатқызбап едім, балконнан қарап тұрғанда сап-сары боп жата тұрсыншы деп. Күздің аяғында қимай-қимай жапырақтармен қоштасып жатырмын", – деп жазды әнші. 

Әнші, сондай-ақ ауласында арнайы тазалаушы адамның жоқ екенін, сол себепті есік алдындағы тазалықпен өзі айналысатынын жеткізді.

Желі қолданушылары бұл видеоны жылы қабылдап, пікір қалдырды.

"Қозғалыс – өмір, қандай керемет", "Мақпал ханым, күш-қуат берсін", "Денсаулыққа пайдалы", –  деп оқырмандары түрлі пікір жазды. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер