Жаңалықтар

"Ит пен мысық сияқты өмір сүрдік": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы ашық айтты (ВИДЕО)

"Ит пен мысық сияқты өмір сүрдік": Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы ашық айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова "Сенбілік серуен" бағдарламасына берген сұхбатында марқұм жары Заманбек Нұрқаділовпен өткен отбасылық өмірінің алғашқы кезеңі туралы ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің сөзінше, жұбайымен бірге тұрған алғашқы жылдары екеуінің мінез-құлқы қиындау болғандықтан, араларында жиі түсініспеушіліктер орын алған.

"Ол кісі әйел адамның өзіне қарсы шыққанын тіптен жек көретін адам екен. Керемет болдым деп айта алмаймын. Басындағы 1-2 жыл ит пен мысық сияқты өмір сүрдік. Мен де тік мінезді адаммын. Бетіне айтып тастайтынмын. Солай айттың деп, 2-3 күн сөйлеспей қоятын. Ол кісі мені тәрбиеледі, кішкене жынымды басты", – деді Жүнісова.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz