Әнші Медеу Арынбаев қоғамда қызу талқыланған Тұрсынбек Қабатовқа қатысты жағдайға байланысты өз ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесінің сөзінше, отбасылық мәселе әр адамның жеке өміріне жатады. Алайда көпшілікке танымал тұлғалар қоғам алдында жүргендіктен, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауы керек.
"Естідім бәрін, керек емес еді негізі. Әрине, отбасылық мәселе – өзінің жеке өмірі. Бірақ сен тұлға болсаң, өнер деген елдің атынан шығып жүрсің бе – оның бәрін абайлау керек. Оның жауапкершілігі болу керек", – деді Медеу Арынбаев.
Әнші танымал адамдардың өмірі көпшілік назарында болатынын атап өтті. Оның айтуынша, белгілі тұлғалардың жеке өміріндегі жағдайлар да қоғам тарапынан жиі талқыланады.
"Белгілі тұлғалардың өмірбаяны бірінші ретте талқыға түседі. Өзің айтпақшы, ол идеологиялық, тәрбиелік мәні бар. Осындай жағдайларға абай болу керек", – деді ол.
Медеу Арынбаев өнердегі әріптестеріне де жеке мәселелерді көпшілік алдына шығаруда сақ болуға кеңес берді. Оның пікірінше, жеке өмірдегі жағдайды толық жасыру мүмкін болмағанымен, оны әдейі жария ету де дұрыс емес.