Сыртқы сауда айналымы: шикізат пен мұнайға тәуелділік азайған жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өзімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын": Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты өкінішін айтты

"Өзімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын": Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты өкінішін айтты
Медеу Арынбаев. Фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші Медеу Арынбаев қызы Дайана дүниеге келген кезде жасаған әрекеті үшін әлі күнге дейін өкінетінін айтты. Өнер иесі әкелік сезімі мен өміріндегі ұмытылмас сәтті еске алып, жан сырын ақтарды.

Әнші бұл оқиғаны "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында баяндаған. Оның айтуынша, жұбайы екінші сәбиіне жүкті болғанда, ұл дүниеге келеді деп сенген. Алайда перзентханадан сүйінші хабар жеткенде күтпеген жаңалыққа тосылып қалған.

"Келіншегім екінші сәбиімізге жүкті болды. Жастық қой, бұл сәбиіміз де ұл болады деп сеніп, күттім. Босанатын уақыты жеткенде перзентханаға апарып, орналастырып, кері қайттым. Бір-екі күннен кейін босанады деп ойлап, достарымызбен тойлауды бастап кеттік. Әне міне, дүниеге келетін сәбиді ұл деп, тостымызды сол ұлға арнап отырғанбыз. Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаның арғы бетіндегі дауыс әйелімнің босанғанын айтып, "өмірге қызыңыз келді" деп құттықтады. Біртүрлі боп қалдым... "Жігіттер, ұл емес, қыз екен" дегенімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын. Қазір қызымды әр сүйген сайын сол күнгі әрекетім үшін іштей кешірім сұрай беремін", – деді Медеу Арынбаев.

Өнер иесі сол кездегі сөзін бүгінде өміріндегі үлкен өкініштердің бірі санайтынын жеткізді. Әншінің айтуынша, қызына деген махаббаты ерекше болғанымен, оның дүниеге келгенін алғаш естіген сәттегі әрекеті әлі күнге дейін есінен кетпейді.

Айта кетейік, Медеу Арынбаев марқұм жұбайы, әнші Айгүл Арынбаевамен (Үмбетәлиева) 1996 жылы "АБК" тобының алғашқы концерттерінің бірінде танысқан. Екі айдан кейін екеуі шаңырақ көтерген.

Өнерлі жұптың отбасында алдымен ұлы Дәулет, кейін қызы Дайана дүниеге келген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер