KZNews.kz
Жаңалықтар

"Жатқан жеріңіз жайлы болсын": Димаштың ата-анасы Асанәлі Әшімов рухына тағзым етті (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Ел ішінде есімдері танымал өнерпаздар Қанат пен Света Айтбаевтар желідегі парақшаларында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қазақ өнерінің абызына тағзым етті.

"Қазақ өнерінің көшін бастаған, тұтас бір дәуірдің тарихына есімі алтын әріппен жазылған Алаштың Асанәлісі раббысына қайтты... Отбасына, туыстарына, жақындарына жаратушы иеміз көркем сабыр бергей. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, абыз аға..." – делінген жазбада.

Асанәлі Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін тәмамдап, актер мамандығын меңгерді.

Өнер иесі көрерменге кино саласындағы жарқын бейнелері арқылы кеңінен танылды. Ол "Қыз Жібек" фильміндегі Бекежан, "Атаманның ақыры" картинасындағы Шадияров, "Сарқырамадағы" Мәмбет, "Трансібір экспресіндегі" Қасымханов секілді рөлдерімен қазақ киносының алтын қорына енді.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары