KZNews.kz
Шоу-бизнес

зардап шеккендер бар – видео

Данияр

Трактор жүргізушісі қарсы беттегі көлікке жол бермей, жолаушылар автобусымен соқтығысқан, бес адам зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Елордада Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында жол апаты болды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=YWUqr6cyfBY[/embed]

"Трактор жүргізушісі солға бұрылып жатып, қарама-қарсы беттегі көлікке жол бермеген. Салдарынан №40 жолаушылар автобусына соғылды", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бес адам зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер анықтау жұмысын жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.


sputniknews.kz
Данияр
Автордың басқа материалдары