KZNews.kz
Жаңалықтар

“Жанымды қоярға жер таба алар емеспін” - Бағдат Әшімова

Ayzhan Sylanova

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялап, өмірдің өткінші, ал өлім мен тіршіліктің арасы қас-қағым сәт екенін атап өтті. Ол жан жарына деген сағынышын ашық білдіріп, жүрегіндегі шерін оқырмандарымен бөліскен, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдат Әшімованың айтуынша, ол тағдыр қосқан қосағымен 23 жыл, бір ай, үш күн бірге ғұмыр кешкен. Осы жылдар бойы қуанышы мен қиындығын тең бөліскен өмірлік серігінен небәрі үш минуттың ішінде айырылып қалу – оның өміріндегі ең ауыр әрі ең орны толмас қасіретке айналған.

Желі қолданушылары жазба астына көңіл айтып, сабыр тілеп, артында қалған ұрпақтарына амандық пен жақсылық тілек білдірген. Бағдат Әшімова әрбір жылы лебізге ризашылығын жеткізіп, өз жан күйзелісін де жасырмай жазды.

«Әумин. Әттең уақытты бағаламағаным-ай! Бақытымның базары тез бітеді деп ойламаппын. Жанымды қоярға жер таба алар емеспін», – деп жазды ол.

Бұл жазба көпшіліктің жүрегін елжіретіп, өмірдің қадірін бағалауға шақырған сырлы ойға толы үндеу болды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары