Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм Аскеннің соңғы шәкірттері туралы әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, төрт жыл бойы Аскеннен тәлім алған жастар академияны тәмамдап, өнер мен өмір жолына қадам басты. Түлектердің ұстазынан алған тәлімі мен еңбегі олардың алдағы жолына үлкен азық болмақ.
Бағдат Әшімова Аскеннің өзі арамызда болмаса да, оның шәкірттерін қара шаңыраққа шақырып, қазақы дәстүрмен ақ бата беруді жөн санағанын айтты.
"Асекеңнің соңғы курсы. Төрт жыл бойы Асекеңнен тәлім алған жастар академияны тәмамдап, арман қуып үлкен өмірге қанат қақты. Асекеңнің өзі арамызда болмаса да, оның қара шаңырағының батасын алып, өмір мен өнер жолына аттандыруды жөн санадым", – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол түлектерге ақ жол тілеп, қара шаңырақтан алған батаның әр шәкірттің өнердегі қадамын нық ете түсуіне тілектестік білдірді.
"Сондықтан түлектерді қазақы дәстүрмен Асекеңнің қара шаңырағына шақырдым. Қара шаңырақтан алған ақ бата әр шәкірттің жолын ашып, өнердегі қадамын нық етсін", – деді Бағдат Әшімова.
Желі қолданушылары жазба астында түлектерге сәттілік тілеп, марқұм ұстаздың еңбегі шәкірттері арқылы жалғасатынын жазды.