Балалар арбасымен автобусқа мінуге болмай ма? Министр ережені қайта қарамақ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Дариғаны даттап, Баянды мақтап, Тұрсынбекті “оңбаған” дейсіздер”: Қабатов екінші әйелін сынағандарға жауап берді

“Дариғаны даттап, Баянды мақтап, Тұрсынбекті “оңбаған” дейсіздер”: Қабатов екінші әйелін сынағандарға жауап берді

Сахнада сөз алған әзілкеш қоғамдағы көзқарасқа тоқталып, Баянның тұрмысқа шығуына байланысты жазылған пікірлерді өз жағдайымен салыстырды.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов концерт барысында жеке өміріне қатысты әңгіме қозғап, ажырасқаны үшін өзіне айтылған сынға астарлы әзілмен жауап берді. Өнер иесінің сөзі көрермендерді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Дариға, оған сол керек дедіңіздер. Баян күйеуге шыққанда қалай күшті етіп жаздыңыздар. Мен де қазір әйеліме той көйлек кигізіп қойып, той жасайыншы. Бітті ғой: "оңбаған, осының концертіне кім барып жатыр, бойкот, ешкім бармасын, Қазақстаннан шығарып жіберу керек", деп айтады. Жандарым, тығылып келіп отырған сіздерге рақмет», – деді ол.

Әзілкештің бұл сөзі концерт залындағы көрермендердің күлкісін тудырды. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлініп, жазба астында түрлі көзқарас айтылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.