Допинг дауына байланысты бір жылға спорттан шеттетілген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін ұлыбританиялық Дензел Бентлиге қарсы өткізеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы кездесуде Ұлыбритания өкілі басым түсті. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. 31 жастағы Бентли 34 жастағы Сааведраны ауыр соққылардың астына алып, төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанып, Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы болды.