Бүгін, 18 мамырда Атырауда Жангелдин ауылында бүтін бір отбасының өліміне қатысты резонансты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Бұл қылмыстық іс бойынша сотталушының төрт туысы қаза тапқан, деп хабарлайды kznews.kz.
Істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр. Сот отырысын аша отырып, судья айыптаулардың толық тізімін жариялады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес, сотталушыға бірден бірнеше эпизод бойынша айып тағылып отыр:
- ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 1, 5, 13-тармақтары – екі немесе одан да көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ бұрын адам өлтірген адамның қайтадан кісі өлтіруі;
- ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы – ірі мөлшерде жасалған ұрлық;
- ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлігі, 1 және 4-тармақтары – бірнеше рет жасалған ірі мөлшердегі алаяқтық;
- ҚР ҚК 384-бабы, 2-бөлігі – жеке құжаттарды ұрлау, жою немесе бүлдіру.
Сот отырысы жалғасып жатыр.