«Тізесі мен арқасы…» – Моджтаба Хаменеи туралы тың мәлімет шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жангелдиндегі қанды қылмыс: басты күдікті төрт адамды өлтіргенін мойындады

Жангелдиндегі қанды қылмыс: басты күдікті төрт адамды өлтіргенін мойындады
ашық дереккөзден

Жангелдин ауылындағы бір отбасының қазасына байланысты қоғамда үлкен резонанс тудырған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу толық аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ақжайық" басылымының мәліметінше, негізгі айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев қылмыстық іс материалдарымен танысып, төрт адамды өлтіру фактісі бойынша кінәсін мойындаған.

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бойынша айып тағылып отыр.

Сонымен қатар тергеу барысында ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") және 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша қосымша істер тіркелген. Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті қаза тапқан отбасының малын сатып, олардың банк карталарындағы ақшалай қаражатты иемденген болуы мүмкін.

"Барлық тергеу амалдары аяқталды. Іс жақын күндері сотқа жіберіледі. Сот процесі мамыр айында басталады", – деп хабарлады дереккөз.

Бұған дейін Атырау облысының прокуратурасы психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес Сұлтан Сәрсемалиевтің есі дұрыс деп танылғанын мәлімдеген болатын.

Тағылған айыптарды ескерсек, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер