KZNews.kz
Шоу-бизнес

“Жанельдің аяғы ауыр”: Еркеш Хасеннің экс-жұбайының құрбысы тағы бір шындықты жайып салды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде танымал әнші Еркеш Хасеннің отбасылық өміріне қатысты мәліметтер қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Threads әлеуметтік желісінде Турашева Жан есімді қолданушы жазба жариялап, өзін Еркеш Хасеннің бұрынғы жары Айгерімнің жақын құрбысы ретінде таныстырған. Ол көптен бері іште қалған сырды енді ғана жария етуге мәжбүр болғанын айтады.

«Еркештің бірінші келіншегі Айгерімнің жақын құрбыларының бірі боламын. Ақыры шу шығып жатыр екен, үндемей қоя алмадым», – деп бастайды ол сөзін.

Айтуынша, Айгерім екеуінің ұзату тойлары бір аптаның ішінде өткен. Сол кезде Еркеш пен Айгерім көптің көзіне «әдемі жұп болып, қол ұстасып» келген. Автор өз отбасы Еркеш пен Айгерімнің сүйкімді қыздарының бір жасқа толған тойына да куә болғанын атап өтеді.

«Бәрі керемет еді», – дейді ол. Ерлі-зайыптылар отбасын құрған соң бар қиындықты бірге еңсеріп, өмірін нөлден бастап қалыптастырған. Автордың айтуынша, Айгерім күйеуіне сеніп, қолында сәбиі бар күйі Алматыға көшіп келеді. Бастапқыда олар студияда тұрған.

«Ешкімі жоқ қала, 40-тан жаңадан шыққан, қолында баласы бар» келіншекке ол кезде көмектесер жан болмағанымен, еріне сеніп, барлық ауыртпалықты бірге көтерген.

Кейіннен отбасы баспана алып, үйдің жөндеу жұмыстарын Айгерім өз талғамымен жасап шыққан. Алайда 2024 жылдың қаңтар айында Алматыда болған бірнеше жер сілкінісінен кейін Еркештің ұсынысымен Астанаға қайта көшу туралы шешім қабылданады. Үй сол күйі Алматыда қалады.

«Ақпан-наурыз… Барлығы сол бір “Егіз лебізде” құртылды. Үйге келмеу, қашу, үнсіздік… “Қызым” деп ән салған жігіт сол кеткеннен мол кетті…» – деп жазады желі қолданушысы.

Жазба авторы қазіргі таңда Айгерімнің өз-өзіне келіп, өмірін қайта жолға қойғанын да атап өтті.

«Айгеріммен жақын құрбы болған соң жиі араласамыз. Шарасыз күндері мен түндері өтті… Жүрек құрғыр сыздайды. Сенген ер адамының сатқындығы мен опасыздығына сене алмай, жанын жегідей жеді», – дейді ол.

Сонымен қатар, автор Айгерімнің сабыр сақтап, ешкімге тіс жармай, бар ауыртпалықты өз ішінде сақтай алғанын ерекше ерлікке балайды.

«Қазір Аллаға шүкір, Айгерім аяққа тұрды», – деп түйіндейді.

Желі қолданушысы Еркештің өнер жолындағы жетістіктеріне де тоқталған. Айтуынша, Айгеріммен қосылғаннан кейін әншінің шығармашылығы жанданып, хит әндері шыға бастаған. Астанада жеке кеш беріп, Алматыдан үй алған кезеңі де осы уақытпен тұспа-тұс келген.

Алайда бәрі күрт өзгерген. 

«Жанель аяғы ауыр деген хабарды естігендегі жүректің ауырғанын басына түскен адам ғана түсінер. Өте ауыр! Себебі, артқа қайтар жол да қалған жоқ, үміт сөнді…», – деп аяқтайды жазбасын Турашева Жан.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырып, пікірталасқа ұласты.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары