Марко Рубио: Путин Украинадағы соғыста жеңіске жете алмайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Адал асымды ішіп, сатқындық жасадың”: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға байланысты бар шындықты жайып салды

“Адал асымды ішіп, сатқындық жасадың”: Бағым Мұхитденова Мөлдір Әуелбековаға байланысты бар шындықты жайып салды
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Желі қолданушыларының бірі Мөлдір Әуелбековаға «Моля, ұстазыңызбен достасыңыз» деп жазған. Бұған әнші «Құдай сақтасын, бетін аулақ» деп жауап берген.

Продюсер Бағым Мақсатқызы әнші Мөлдір Әуелбекованың әлеуметтік желідегі жауабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағым Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әншіге үндеу жасап, оның өнер жолындағы алғашқы кезеңдеріне қатысты бірқатар мәселені еске салды.

«Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, “бәріне өз күшіммен жеттім” деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па?» – деп жазды продюсер.

Сондай-ақ ол Мөлдір Әуелбековаға өзіне қатысты пікір айтпауын ескертіп, көп жыл бойы кей мәселелерді іште сақтап келгенін жеткізді.

«Ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын», – деді Бағым Мақсатқызы.

Продюсер жазбасында әншінің елге танылуына ықпал еткен әндердің бірі әлі күнге дейін оған табыс әкеліп отырғанын айтып, Мөлдірге өткенін ұмытпауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.