Жаңа транзит жолы: Қазақстан Қырғызстанға 35 мың тонна мұнай жөнелтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Басқа сүйіктісі болған”: Жан Ахмадиев Мадинаға қатысты бар шындықты жайып салды

“Басқа сүйіктісі болған”: Жан Ахмадиев Мадинаға қатысты бар шындықты жайып салды
коллаж Ulysmedia.kz

Жамбыл облысының Меркі ауданында қаза болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты әлеуметтік желідегі талқылау әлі де жалғасып жатыр. Желіде марқұмға қатысты түрлі пікір айтылып, оның жеке өміріне байланысты әзірге ресми расталмаған ақпараттар тараған. Осыған байланысты журналист әрі блогер Жан Ахмадиев үндеу жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол Мадиярды қорғағысы келген адамдардың бұл үшін Мадинаны қаралауын дұрыс емес деп санайтынын жеткізді. Ахмадиевтің айтуынша, қайғылы оқиғаның шынайы себебі әлеуметтік желідегі болжамдармен емес, тергеу мен сараптама нәтижелері арқылы анықталуы тиіс.

«Мадиярды қорғағыларың келсе — қорғаңдар. Бірақ ол үшін өмірден өткен Мадинаны қаралаудың қажеті жоқ! Ол енді өзіне жауап бере алмайды. Шындықты тергеу мен сараптама анықтасын», – деп жазды блогер.

Жан Ахмадиев бұған дейін де Мадинаның өліміне қатысты істі жан-жақты тексеру қажет екенін айтып, күдікті тарапқа құқықтық баға берілуін талап еткен. Сонымен қатар ол марқұмның артында кішкентай баласы қалғанын айтып, баланың болашағына қатысты мәселеге де назар аударған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.