Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге не үшін нота жолдады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қайын атасы түрмеде”: Меркіде қаза тапқан Мадинаның анасы бар шындықты жайып салды

“Қайын атасы түрмеде”: Меркіде қаза тапқан Мадинаның анасы бар шындықты жайып салды
Фото: CMN.kz

Анасының сөзінше, Мадина зорлық-зомбылықтан кейін бірнеше рет төркініне қайтып келген. Алайда күйеуі кешірім сұрап, хабарласқан соң, қайтадан үйіне оралып отырған.

Жамбыл облысының Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадинаның анасы қызының отбасылық өмірінде көрген қиындықтары туралы айтты. Ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында күйеу баласының қызына бірнеше рет қол көтергенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қызым күйеуінің ұратынын айтатын, неше рет қайтып келді. Мадияр сол күні кешірім сұрап, звондайды, сол күні қайтадан кетеді үйіне. “Кетпе, кетпе” десем де, қайтып кететін», – деді ол.

Марқұм бір рет полицияға шағымданған. Бірақ анасының айтуынша, енесі қайын атасының түрмеде отырғанын айтып, полиция шақырмауын ескерткеннен кейін қызы құқық қорғау органдарына қайта жүгінбеген.

Сондай-ақ Мадинаның анасы күйеуінің әкесі жол-көлік оқиғасында адам өліміне себеп болып, жазасын өтеп жатқанын айтты. Соған қарамастан, ол Мадинаны отбасына қайта оралуға шақырып отырған. Марқұм атасының сөзін ерекше құрметтеген.

Айта кетейік, Меркі ауданында 19 жастағы Мадинаның қазасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Анасының сұхбаты марқұмның отбасылық өмірінде болған қиындықтарды қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.