Тиісті жұмысты барлық деңгейде, ең алдымен өңірлердің әкімдері ұйымдастыруға тиіс екенін атап өтті. Алайда шектеулер мен айыппұлдарды енгізу кезінде мемлекет те, қоғам белсенділері де дұрыстап ойланып, ақылға қонымды дүниелер жасауы керегін жеткізді. [video width="1920" height="1080" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/01/Кжт-.mp4"][/video]“Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе,” - деді Президент.
“Балағат сөз айтып, жау көреді”: Әнші Бүркіт ренішін жеткізді
Бүгін, 13:03