KZNews.kz
Шоу-бизнес

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерде бой көтеретіні белгілі болды

KZNEWS

Алматы облысында қоғам және мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жұмыстары аясында басқосу өтті, - деп хабарлайды Kznews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жиын барысында Заманбек Қалабайұлына қойылатын ескерткіштің орнын белгілеу, ескерткіштің жер учаскелерін таңдау схемалары туралы сөз қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ескерткіш салуда көпшіліктің пікірі ескерілгені, Кеген өнер мектебінің алдынан саясаткердің ескерткішін орнату жоспарланып отырғаны айтылды.

фото: voxpopuli.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары