Қызылорда облысында аса ірі көлемде бопсалау жағдайы анықталды, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратамын деп қорқытып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Ол интернетте әйелдің қызметіне қатысты беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялайтынын айтып, қысым көрсеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бопсалау қылмысы үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстың мән-жайына байланысты кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, жеті жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – делінген хабарламада.