Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жалған ақпарат таратып, абыройыңнан айырамын: Қызылордада әйел адам қолға түсті

Жалған ақпарат таратып, абыройыңнан айырамын: Қызылордада әйел адам қолға түсті

Қызылорда облысында аса ірі көлемде бопсалау жағдайы анықталды, деп хабарлайды kznews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратамын деп қорқытып, жәбірленушіден ақша талап еткен. Ол интернетте әйелдің қызметіне қатысты беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялайтынын айтып, қысым көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бопсалау қылмысы үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстың мән-жайына байланысты кінәлі тұлғаларға айыппұл салу, бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, жеті жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.